АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия құрамасының 30-жастағы қақпашысы Тибо Куртуа өзінің ұлттық құрама сапындағы 100-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қатар жерінде өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің үшінші турында Бельгия құрамасы Хорватиямен 0:0 есебімен тең түсті. Салдарынан топтық кезеңнен аса алмай қалды.
Ал тағы бір жолдама үшінші турда Канаданы 2:1 есебімен жеңген Мароккоға бұйырды.
Тибо Куртуа 2011 жылдың қараша айында ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізген еді. Содан бері ол өз құрамасымен бірге 72 мәрте жеңіс жетіп, 13 мәрте тең ойнады. Ал 14 кездесуде қарсыласына есе жіберді.
Бельгиялық қақпашы өзі өткізген 100 ойынның 50-інде қақпасына гол жіберген жоқ.
Фото: Чемпионат
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.