деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Улы заттың ағуы дүйсенбіде суды тазартуға арналған құралдарды шығаратын «Chimtex» зауытында орын алған. Көздері мен тамақтары ауырып мазаланған бірнеше тұрғын дәрігерге қаралды. Алайда қала билігінің мәлімдеуінше, адамдардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.
Өкімет орындары тексеру жүргізуде, оның барысында қоршаған орта мен адамдарға қандай зардап келгені анықталмақ. Тексеру қорытындысымен зауыттың жабылуы да мүмкін.