Бельгия полициясы Париждегі лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгия полициясы өткен жылдың қараша айында Парижде орын алған лаңкестік оқиғаларға қатысы бар деген күдікпен екі ер адамды ұстады.

Бұл туралы елдің Федералдық прокуратурасы таратқан хабарламадан белгілі болды.

1986 жылы туған Бельгия азаматы Закария Дж. және 1981 жылы туған Марокко азаматы Мустафа Е. брюссельдік Моленбек ауданындағы рейдтік шаралар барысында ұсталды.

«Екеуі де осы іс бойынша күдікті ретінде қарастырылып жатқан адамдармен байланыс болуы мүмкін деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлады бельгиялық прокуратурада. - Судья бүгін оларды ұстау мерзімін ұзарту бойынша шешімді бүгін қабылдайды».

Тінту кезінде қару мен жарылғыш заты табылмағаны айтылды.