Жергілікті БАҚ -тың хабарлауынша, аталған шараның қолға алынуын фламанд либералдары партиясы мен «Open VLD» демократтары атынан сенатор Мартин Тэльман көтеріп отыр, ол Бельгия билігін АҚШ-тан үлгі алуға шақырды. Яғни, төленбеген айыппұл үшін дипломаттарды дипломатиялық нөмірлерден айыру.
Сенатордың хатына Бельгияның СІМ басшысы, бұл ұсыныс қаралып жатыр деп жауап берді. Д.Рейндерс мәліметі бойынша, көбінесе Сауд Арабиясы, Үндістан және НАТО жанындағы Түркияның тұрақты өкілдері айыппұлдарын төлемейді. Сондай-ақ айыппұл төлемейтіндердің тізімінде Кипр, Германия, Грекия, Венгрия, Мальта және Словения елдері бар.