Бұл туралы бүгін король Филипптің Либералдық «Реформаторлық қозғалыстың» басшысы Шарль Мишельмен және «Христиан демократтары мен фламандалықтар» партиясы өкілімен кездескеннен соң белгілі болды.
Осыған дейін оңшылцентристердің төрт коалициялық партиясы болашақ бюджет және әлеуметтік-экономикалық саясат бойынша келісімге келгенін жариялаған болатын. Үкіметтің оңшылцентристердің партияларынан құрылуы бельгиялық солшылцентристер күштерінің наразылығын тудырды. Олар жаңа үкімет коалициясының әлеуметтік төлемдерді қысқартуына, бизнеске салынатын салықты төмендету, зейнет жасын 66 жасқа дейін ұлғайту шешімдеріне қарсы. Премьер-Министр мен үкімет мүшелерінің ант беру рәсімі сенбі күні, 11 қазанда өтеді.