Ел тұрғындары әлеуметтік желіде басталған осындай шараға қолдау көрсетті. Олар үйінің терезесінен немесе балкон, тіпті үйдің төбесіне шығып сәрсенбіден бері күн сайын кешкі 20:00-де жаңа типтегі коронавируспен күресіп жүрген кәсіби мамандарға құрмет ретінде қол шапалақтайды.
Ел тұрғындары медициналық қызметкерлер мен басқа да шұғыл қызметкерлері ерекше құрметке ие. Адамдар Брюссель ауруханаларына тапшы масканы әкеліп береді, мейрамханалар тамақты тегін ұсынады, ал скаут ұйымдары төтенше жағдайда палаткаларымен бөлісты.
11 млн-нан астам тұрғыны бар Бельгияда коронавирустан 10 адам көз жұмды, тағы 1 243 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.
Автор Тимур Дүйсекеев