Дүйсенбі күні қала мэрі Филипп Клоуз Сараны құттықтап, оған вакциналау сертификатын табыстады. Салтанатты марапаттау рәсімінен видеоны Ф. Клоуз Twitter-де жариялады.
Бельгияда 12-ден 15 жасқа дейінгі балалар ерікті вакциналаудан өте алады. Екпе салдыру кезінде баланың ата-анасының (қараушыларының) бірге келуі немесе олардың жазбаша рұқсаты талап етіледі.
2 тамыздың деректеріне сай, Бельгияда 8 миллион адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған. Одан бөлек, 7 миллионға (6 826 579) жуық адам вакцинаның екі компонентін де салдырған. Бұл, Бельгия халқының ересек бөлігінің 73,4% және жалпы халықтың 59,3% құрайды.
Авторы: Арнұр Рахымбеков