Бельгияда астрономдар жұлдыздар тобын Дэвид Боуидің есімімен атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда астрономдар жеті жұлдыздан тұратын жұлдыздар тобын дүниеден өткен музыкант Дэвид Боуидің есімімен атайтын болып шешті, деп хабарлайды Rolling Stone.

Ол басқа шоқжұлдызға кіретін жеті жұлдыздан тұрады, сондықтан астрономдар шешімінің ресми мәртебесі жоқ.

Егер оларды біріктірсе, Боуидің Aladdin Sane 1973 жылғы альбомындағы найзағай бейнесі пайда болады.

Дэвид Боуи 1970-ші жылдары өзгеше музыкалық шығармаларымен, әсіресе, 1969 жылы шыққан Space Oddity әнімен кеңінен танылды. 1975 жылы Джон Леннонмен бірлесіп жазылған Fame белгісімен АҚШ-та ірі табысқа жетті. Боуи Queen-мен де бірлесіп жұмыс істеді.

MIGnews.com.ua хабарлағандай, аты аңызға айналған музыкант Дэвид Боуи, обыр дертіне шалдыққанына қарамастан, тағы бір альбом жазуға дайындалған еді.