Өкпенің қатерлі ісігі Бельгияда әйелдер арасында кең тараған аурулар бойынша үшінші орыннан екінші қатарға көтерілді. Бельгияның қатерлі ісікпен күрес қорының дерегінше, оған кейінгі бірнеше жылда әйелдер арасында шылым шегудің артқаны себеп.
«Оған қоса, бұл сырқатты емдеу қиын және салдары да ауыр», - деп ескертті ұйым.
Мұндай деректерді естіген Бельгия белсенділері дабыл қағып жатыр.«Шылым шегетін әйелдердің артқаны өкпенің қатерлі ісігінің көбеюіне себеп болды», - делінген қордың алдын алу шараларын күшейту туралы хабарламасында.Өкпенің қатерлі ісігі 2021 жылы Бельгия еркектері арасында тараған аурулар бойынша екінші орында тұрды. Сол кезде дертке жаңадан щалдыққан 5675 адам тіркелген болатын. Қазіргі уақытта қатерлі ісік әйелдер арасында екінші орында – сүт безі қатерлі ісігі мен тоқ ішек қатерлі ісігінен кейін тұр. Биыл 3,5 мыңнан астам адам сырқаттанған.2021 жылы өкпенің қатерлі ісігі Бельгияның 6 мыңға жуық тұрғынының өмірін қиды, оның 3673-і ерлер болса, 1994-і адам – әйел. Мұндай диагноз қойылған адамдардың аман қалу мүмкіндігі кейінгі 5 жылда Еуропа елдерінде төмен: ерлер - 22,8%, әйелдер - 31,4%.
«Қатерлі ісіктің осы түрлерінің 90%-не табак өнімдері себеп болған. Алдын алу шараларын жалғастырып, темекі шегетін адамдарды зиян әдеттен бас тартатын кезде қолдап, келер ұрпақты табаксыз өсіру үшін бәрін істеуіміз керек», - деп қорытты Бельгия Қатерлі ісікпен күрес қоры.