Барлық мәліметтер Бельгиялық ұлттық банктің бақылауындағы жалпы дерекқорға енгізіледі. Бұл елдегі банктік құпияның күшін жояды.
Заң сондай-ақ Бельгиядағы жұмыс істеп тұрған банктер мен қаржы мекемелеріне өз клиенттері - жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да аты-жөнін, олардың есепшоттарының нөмірін, ал 2015 жылдан бастап, ипотеканы қоса алғанда кредиттік келісімшарттар туралы деректерді, сонымен бірге жылжымайтын мүлік пен автомобильдер лизингі бойынша шарттарды жалпы дерекқорға енгізуді міндеттейді.
Бельгия салық қызметі бұл дерекқорға толықтай кіре алады, сондай-ақ Еуроодақтың басқа да мемлекеттерінің, банктік ақпарат алмасу туралы шарт жасасқан үшінші елдердің салық қызметкерлерімен аталған ақпаратты алмасуға құқығы болады.