Қазіргі кезде Украинадағы жағдайға байланысты энергетикалық нарықта баға өсіп жатыр. Мысалы, жұма күні Бельгияда дизель отынының бағасы 2,0840 еуроға дейін өсті. Аталаған отынның бағасы бірінші рет екі доллардан асып отыр. Сонымен қатар бензин бағасы да өсуде. Елде АИ-95 бензинінің бір литрі 1,98-2,10 еуроға жетті.
«Осыған байланысты тасымалдаушылар қызметтерінің бағасын көтеруге мәжбүр болып отыр», - деді Febetra ұйымының директоры Филипп Деграеф.
Оның айтуынша, Бельгия үкіметі жанармай бекеттерінде баға шегіне жеткен жағдайда, дизель отынының акцизін төмендетуге ұсыныс жасады.
Бельгия супермаркеттерінде баға 2020 жылдың басымен салыстырғанда, 2022 жылдың алғашқы апталарында онсыз да 3-5%-ға көтерілген.
«Экономикалық ахуалға байланысты бүгінгі күні баға өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскен – кері жағдайда пайда табу мүмкін болмай қалар еді», - деді Ф. Деграеф.