Хабарланғандай, әуе қозғалысы 13 ақпан 22:00-ге дейін жабылады. Бұл шектеу сейсенбі, 12 ақпан кешкісін қойылды.
24 сағаттық ереуілді кәсіподақтар бастаған. Олар жалақыны көтеруді талап етіп жатыр.
Ереуілге байланысты ұшақтардың ғана қозғалысы емес, қоғамдық, теміржол және теңіз көліктерінің де қозғалыстарына шектеу қойылып жатыр.
Сондай-ақ, бұл ереуілге елдегі барлық мемлекеттік мекемелер қатысады. Білім беру, коммуналдық және жедел қызмет, соның ішінде құтқарушылар мен полиция жұмысы да жартылай тоқтайды.