RTBF бельгиялық телерадиокомпаниясының хабарлауынша, Бельгиядағы жолдарда жалпы ұзындығы 1600 шақырым болатын көлік кептелісі туындады. Бұл - өтіп бара жатқан жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Брюссель мен жағалау арасындағы тасжолдардағы ахуал қиындай түсуде. Бұдан бөлек, ел астанасындағы орамды жолдардағы қозғалыс та күрделенуде.
Қалалық қоғамдық көліктердің жұмысында іркіліс байқалып жатыр. Қардың салдарынан Брюссель әуежайындағы рейстер тоқтатылуы мүмкін.