Бельгия прокуратурасының мәлімдеуінше, осы лаңкестік әрекеттерге қатысы бар бірнеше адам қамауға алынған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қылмыскерлерді Андерлехт аймағында тұтқындаған. Абрини Брюссель әуежайында жарылыс жасаған екі жанкештімен бірге болған деген күдік бар. Ол бейнекамералар түсіріп алған суреттегі үшінші адамға өте ұқсас. Сондай-ақ былтыр қараша айында Парижде болған лаңкестік шабуылдар алдында да бақылау камераларына Абрини де түсіп қалған.
23:19, 08 Сәуір 2016
Бельгияда лаңкестік шабуылдарды ұйымдастырғандардың бірі қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж бен Брюссельде лаңкестік шабуылдар ұйымдастырушылардың сыбайласы Мұхамед Абрини қолға түсті6 деп хабарлады www.24.kz.