Сәрсенбі күнгі кешке дейін жалғасатын наразылық акциясы салдарынан көптеген қоғамдық қызметтердің жұмысы тоқтап, 90 пайыздан астам мемлекетішілік және халықаралық пойыздардың жүруі кейінге қалдырылды. Брюссель қоғамдық көлігінің жұмысы бұзылды, мемлекеттік секторға кіретін оқу, балалар мекемелері, пошта бөлімшелері мен коммуналдық қызметтер жабылды.
16:26, 22 Сәуір 2015
Бельгияда мемлекеттік қызметшілер ұлттық ереуілге шықты
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияда кәсіподақтар бастамасымен үкімет енгізген қатаң үнемдеу шараларына қарсылық білдірген мемлекеттік қызметшілердің ұлттық ереуілі өтуде.