Бельгияда мұсылмандар саны артып келеді

None
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Бельгияда 625 мың мұсылман өмір сүріп жатыр. Бұл Бельгия халқының алты пайызын құрайды. Ал Брюссельде 300 мыңдай мұсылман тұрады. Бұл ел астанасы тұрғындарының төрттен бірі. Еуропадағы мұсылмандар көп шоғырланған Брюссельде 2030 жылға қарай ислам дінін ұстанатындар азшылықтан көпшілікке айналады. Бұл деректі әлеуметтанушы Феличе Дасетто келтіріп отыр, деп хабарлайды muslim.kz.

American Thinker басылымында жарық көрген мақалада айтылғандай, Ислам партиясы декларациясымен бірге үш негізгі талабын қойып отыр: 1) қоғамдық тамақтандыру орындарында халал тағам түрлерін енгізу; 2) мұсылмандардың айтулы күндерін атап өту; 3) мұсылман қыз-келіншектерінің қоғамда шариғат талаптарына сай киініп жүруіне ешқандай кедергі тудырмау.

Антверпеннің бастауыш мектептерінде мұсылман балалардың қарасы көп. Ұл балалардың арасында ең көп тараған есім - Мұхаммед. Елде мешіттер мен ғибадат үйлері көптеп кездеседі. Қоғамдық орындардан шариғат шәлісін жамылған әйелдер жиі ұшырасады.