Бельгияда саяси өкіметсіздікке қарсы наразылық шарасы өтті

БРЮССЕЛЬ. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Бейсенбі күні «Біздің уақытта емес» жастар қозғалысына мүше бельгиялық студенттер тобы Бельгияның ең ірі қалалары Брюссель,

Антверпен, Гента және Брюг қалаларында елдегі саяси өкіметсіздікке қарсы «картоп революциясы» деген атаумен наразылық шараларын өткізді.

Ағымдағы жылдың 23 қаңтары күні «Масқара» ұранымен өткен наразылық шарасынан айырмашылығы - акция елдің тұтастығын сақтауға және қазіргі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін сақтап қалуды қолдауға бағытталатын болады. Сонымен қатар наразылықты ұйымдастырушылар Тунисте өткен «жасмин революциясы», Мысырдағы «фараон революциясы», Ливандағы «самырсын революциясына» ұқсатып Бельгия символдарының бірі, XVI ғасырдың өзінде Фландрии өңірінде (Бельгияның солтүстік өңірі) алғаш рет тамақ ретінде ұсынылған картоп тамағының атымен өткізуді шешкен

Саяси дағдарысты тезірек шешуге шақыратын ұрандардан басқа бірнеше ондаған студенттер Бельгияның Гент қаласында ұжымдық стриптиз көрсетуді ұйымдастырған.

Бейсенбі, 17 ақпан күні саяси дағдарыстың басталғанына 249 күн толды, осылайша Бельгия бұрын Ирак орнатқан өкіметсіздік бойынша әлем рекордын жаңартты.