Бельгияда Сириядағы соғысқа қатысты деген күдікпен 7 адам ұсталды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияның құқық қорғау органдары Сирия аймағындағы әскери әрекеттерге қатысты деген күдікпен 7 азаматты тұтқындады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.

Күдіктілер тәркілеу жұмстарынан соң сәрсенбі күні, Бельгияда ұсталды.

«Тергеу жұмыстары Сириядағы соғыс әрекеттеріне қатысып қайтқан болуы мүмкін азаматтарға қатысты жүргізілуде»,-делінген прокуратураның мәлімдемесінде.

Бұл ретте ведомство өкілдері тергеу амалдары Париж бен Брюссельде болған террористік актілермен еш байланысы жоқ екендігін растады.

«Қару мен жарылғыш заттар табылған жоқ. Барлығы 7 адам тұтқындалып, жауап алу үшін қажетті орынға жеткізілді»,-деп хабарладан прокуратурадан.

Айта кетейік, Бельгия адам басына шаққанда радикалдардың саны жағынан көшбасшылардың қатарында.

Реси мәліметтер бойынша, ДАИШ жағында соғысу үшін Бельгиядан Таяу Шығысқа 460-тан астам адам аттанған.