Бельгияда супермаркетте 15 адамды кепілге алған тонаушы қолға түсті
00:27, 19 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссель супермаркеттерінің бірінде қаруланған тонаушы 15 шақты адамды кепілге алынды, деп хабарлайды Lenta.ru сайты Reuters басылымына сілтеме жасап.
Полиция таратқан мәлімет бойынша, әуелде қарақшы супермаркетті тонамақ болған, алайда тонаудың соңы адамдарды кепілге алуға ұласып кеткен.
Derniere Heure басылымы қылмыстың Форе коммунасындағы Carrefour супермаркетінде болғанын жазады. Шабуылдаушы пышақпен қаруланған. Куәгерлердің айтуынша, тонаушы ешқандай талап қоймағанын, тек «түрмеге отырмаймын» деумен болған.
Кейінірек бельгиялық телеарна оның қолға түскенін хабарлады.