Бельгияда теміржол қызметкерлері ереуілге шықпақ

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияда теміржол көлігі қызметкерлері екі күндік ереуілге шықпақ. Ол 6 және 7 қаңтарда өтеді.

Әзірге кәсіподақтар келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланды. Бұған қарамастан, еуропалық теміржол компаниялары өз сайттарында пойыздардың жүру тізіміне өзгертулер енгізілетіні жайлы мәлім етті.

«Thalys» жүрдек пойыздарының халықаралық операторы сейсенбі күні, 5 қаңтарда кешкі 2 рейсті, 6 қаңтарда барлық рейсті тоқтатып, 7 қаңтарда кешке 2 пойызды ғана жіберетінін айтты.

«Eurostar» компаниясынан хабарлағандай, ереуіл кезінде Брюссель-Лондон пойызының соңғы аялдамасы Францияның солтүстігіндегі Лилль қаласы болмақ.

Сонымен қатар, неміс алпауыты «Deutsche Bahn» Брюссель мен Кельн арасындағы пойыздарды автобуспен алмастыратынын хабарлады.