Бельгияда тікұшақ құлады, зардап шеккендер бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияның Темплу қаласының маңайында болған әуе апатының салдарынан 4 адам жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жергілікті агенттіктің мәліметінше, ұшқыш пен үш жолаушының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ белгілі болғандай, тікұшақ жергілікті аэродромнан ұша бергенде 10 метрлік биіктіктен құлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе апатына техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.