Бельгияда Украина мен Польшаның жасөспірім балалары мінген автобус апатқа ұшырады

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Украина мен Польшаның жеткіншектері мінген автобус Бельгияның солтүстігінде апатқа ұшырады.

Оқиға салдарынан 4 адам қаза болды, бірнешеуі жарақаттар алды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап Ресей жаңалықтар агенттігін хабарлады.

Апат таңертең Антверпен қаласына жақын жерде болды. Мерт болғандардың арасында екеуі кәмелетке толмағандар. Оқиғаға куә болғандардың фотосуреттеріне қарағанда, автобус тас жолдың бетонды қоршауын талқандап, бір бүйірімен құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Польшада тіркелген автобус 15-17 жас аралығындағы оқушыларды тасымалдап бара жатқан.