Бельгияда ұшқыштардың ереуіліне байланысты 80-ге жуық рейс тоқтатылды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат 14-15 тамыз аралығында Ryanair бельгиялық филиалының ұшқыштарының кезекті ереуілі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: wikipedia.org

Еуропалық Одақтағы «лоу-кост авиакомпаниясы» саналатын әуе компаниясының сайтында Шарлеруа (Бельгия) әуежайында орналасқан ұшқыштардың ереуілге шығуы туралы хабарландыру жарияланды. Ryanair хабарлауынша, екі күндік наразылық кезінде күн сайын 170 рейстің 40-ын тоқтатуға мәжбүр.

Ұшқыштар жалақыларын пандемия деңгейіне дейін қалпына келтіруді талап етуде. 2020 жылы Ryanair компаниясы дағдарысты жеңуге көмектесу үшін ұшқыштардың жалақысына 20% қосқан.

Бұл - бельгиялық Ryanair ұшқыштарының осы жаздағы үшінші ереуілі. Бұған дейін олар екі рет – ағымдағы жылдың 15-16 шілдесінде және 29-30 шілдесінде жұмыста болмаған.