Бельгияда жалпыұлттық шеру өтіп жатыр

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссельде Бельгия билігінің әлеуметтік және экономикалық саясатына қарсы жалпыұлттық манифестация өтіп жатыр.

Кәсіби одақтардың ақпаратынша, наразылық шарасына 50 мыңға жуық адам қатысады.

Осындай шерулер корольдіктің өзге де аймақтарында - Валлония мен Фландрияда басталды.

Шеруге шыққандардың талаптары Бельгияның еңбекпен қамту министрі Крис Петерстің 38 сағаттық жұмыс аптасынан бас тарту туралы соңғы шешімдеріне, сонымен қатар үкіметтің қатаң үнемдеу саясатына қарсы бағытталған.