Елшіліктің Кеңесші-Уәкілі Асқар Абдрахмановтың айтуынша, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың жарлығына сәйкес Абай облысындағы орман өртімен күрес кезінде 14 азаматтың қаза табуына байланысты 2023 жылдың 12 маусымы Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
«Осыған байланысты Қазақстан Республикасының шетелдегі барлық дипломатиялық миссиялары мемлекеттік туды түсіріп, көңіл айту кітабын ашты, жергілікті мемлекеттік органдарға, қоғамдастыққа және дипломатиялық корпусқа осы қайғылы жағдай туралы ақпарат берді. Электрондық поштамен де хаттар, адамдардың өздері де Елшілікке келіп жатыр. Көңіл айтып, сәйкес жазба қалдыруда», - деді қазақстандық дипломат.
ҚР-дағы бұрынғы ЕО елшісі Свен-Олов Карлссон электрондық хабарламасында «адамдардың қаза тапқанына және өрттің залалына есеңгіреп қалдық» деп атап өтті.
«Қазақстан билігі мен халқына көңіл айтамыз», - деп атап өтті еуропалық дипломат.
Брюссельдегі Қазақстан елшілігіне «Diplomatic world» еуропалық іскерлік басылымының өкілдері де келді.
Дипкорпус арасында танымал басылымның басшысы Барбара Дитрих Қазақстан халқының қайғысына ортақтасты. Оның айтуынша, ірі орман өрті проблемасына Еуропа да тап болып жатыр, ол климаттың жаһандық өзгеруімен байланысты.
18:57, 12 Маусым 2023
Бельгиядағы Қазақстан Елшілігіне жергілікті тұрғындар көңіл айтуға келіп жатыр
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бүгін Бельгиядағы Қазақстан Елшілігінде Жалпыұлттық аза тұту күнінің жариялануына байланысты еліміздің мемлекеттік туы төмен түсірілді. Брюссель тұрғындары мен шетелдік дипломаттар көңіл айту үшін ҚР дипмиссиясына келіп, көңіл айту кітабына жазба қалдырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.