Олардың бірқатарын оқиға куәгерлері түсірген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 17 адам қаза тапты, 20-дан астамы жарақаттанды. Бұл туралы бельгиялық RTBF телерадиокомпаниясынан хабарланды.
Жергілікті уақытпен таңғы сағат 8.00 -де ұшу залында жарылыс орын алды. Жарылыс салдарынан шатырдың бір бөлігі құлап, терминал ғимаратында шынылар сынды. Рейстер ұшырылмайтын болды. Әуежайға апаратын темір жолдар жабылды.
Бұл лаңкестік болуы мүмкін. Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды.
Әуе рейстері Льеж және Шарлеруа әуежайларына жіберілді.