Бельгиядағы жарыста велошабандоз адасып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка елінің Dimension Data командасының велошабандозы Мексеб Дебесай Бельгияда өткен E3 Harelbeke классикалық жарысында адасып қалып, мәре сызығын кеспеген, деп хабарлайды NU.nl.

Sky клубының спортшысы поляк Михал Квятковский жеңімпаз атанған жарыс Бельгияда жұма күні аяқталған.
Мәре сызығына 20 километр қалғанда Дебесай бағытынан жаңылып қалған. 24 жасар спортшы есептеуіштің 206 шақырым қашықтық жүргенін көрсеткен соң адасып кеткенін ұғады.

Дебесай жолда кезіккен бір адамнан жөн сұраған, жергілікті тұрғын спортшыны үйіне шақырып үстіне киім берген, тамақтандырған, жуынып алуына рұқсат еткен.

«Дебесай адасып қалып жолдағы белгілер бойынша бізге жетпекке әрекеттенген. Алайда дұрыс жолға түсе алмаған. Командасы алаңдап ақыры UCI өкілдері мен полицияға хабар бердік. Спортшының қайда екенін ешкім білмей тұғанда ол өзі телефон соқты», - дейді команданың спорт директоры Пьер Хейндерикс.