Бельгияға аттанар алдында ел құрамасы екі мықты футболшысынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бельгияға аттанар алдында Қазақстан құрамасы екі көшбасшысынан айырылды. Бұл ойынға Азат Нұрғалиев пен Дмитрий Шомко қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды sports.kz.

Бүгін біздің команда екі жаттығу өткізді. Өкінішке орай, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев пен «Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко жарақат алуына байланысты елдің бас командасынан босатылды. Командадан шығып қалған ойыншылардың орнына шымкенттік «Ордабасы» командасының футболшысы Тимур Досмағамбетов алынды.

Қорғаушы Гафуржан Сүйімбаевтың жалпы топқа қайтып келуі жақсы жаңалық болды.

Айта кетейік, Бельгия - Қазақстан матчы маусымның 8-нен 9-на қараған түні болады. Кездесу елорда уақытымен 00: 45-де басталады.

Ал 11 маусымда «Астана Арена» стадионында Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино құрама командасын қабылдайды. Кездесу уақыты 20:00.