Олардың барлығы экономикалық кірмелерге жатады. Сондықтан босқын ретінде баспана алуға құқы жоқ. Бұл туралы еуропалық елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Құзырлы орган өкілдері: «111 адамнан тұратын алғашқы топ, оның ішінде бірнеше отбасы бүгін чартерлік рейспен Бағдатқа аттанып кетті», - деп мәлімдеді.
Жол шығынын Бельгия билігі өзі көтеріп отыр. Жергілікті шенеуніктер мигранттарды қайтаруға арналған мұндай сапарды әлемде, одан қалды Еуропада алғаш рет қолға алғанын жеткізді. Бірақ сарапшылар мұны жоққа шығарып, мұндай әуе тасымалын Ұлыбритания, Германия мен Швеция әлдеқашан жүзеге асырып қойғанын айтады. «Тіпті чартерлік рейспен депортация жасау туралы арнайы ереже Шенген кеңістігінің заңнамасында да бар», - дейді олар.