Полиция бейнебақылау камераларындағы видео мен қылмыскердің суретін ғаламторға салып қойды. Алайда ол әлі күнге дейін қолға түсе қойған жоқ. Оны осынау қымысқа не итермелегені белгісіз. Тергеушілердің болжамынша, қылмыскер жалғыз өзі әрекет еткен.
Бельгиялық құқық қорғау органдары ресми түрде террорлық акті деп танылған бұл қылмыс корольдік полицейлер мен әскерилерге қарсы бағытталып, жалғасын таба ма деп қауіптенуде.
Бельгиялық БАҚ деректерінше, Калашников автоматымен адамдарға оқ жаудырған қылмыскер өз құрбандарын алдын ала таңдаған. Басылымдардың ақпаратына қарағанда, қаза тапқан Израильдің екі азаматы израильдік «Моссад» барлауының қызметкері болуы мүмкін. Олар Брюссельге тергеу амалдарын жүргізу үшін өз сарапшыларын жіберген.
ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, Еуропарламенттегі сайлау мен Бельгиядағы парламенттік сайлауға бір күн қалғанда, сенбі күні Еуропалық мұражайда атыс болды.