Бельгиялық азамат EuroMillions лотереясынан 15 млн. еуро ұтып алды

None
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бельгия азаматы атақты еуропа лотереясы EuroMillions-тан 15 млн. еуро ұтып алды.

Associated Press хабарлағандай, жеке басының қауіпсіздігі үшін ұтыс иесінің аты аталмауда.

Ұтыс ойыны тоғыз елде: Франция, Испания, Австрия, Бельгия, Люксембург, Швейцария, Ұлыбритания, Ирландия және Португалияда өткізілді.