Бельгиялық F-16 жойғыш ұшағы Нидерландыда ғимаратқа құлады

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгиялық F-16 жойғыш ұшағы бейсенбі күні таңертең Нидерландтың солтүстігіндегі әуе базасындағы ғимаратқа құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Belga агенттігіне сілтеме жасап.

Екі адам жарақат алған, оның ішінде ұшқыш та бар.

Twitter-де Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, «Қосымша ақпарат жақын арада беріледі».