Бельгиялық маман Л. Лапаж - «Астана» велоклубының жаңа спорт директоры

АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бельгиялық маман Лоренцо Лапаж «Астана» велоклубының жаңа спорт директоры болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, Л. Лапаж «Астана» клубының осымен алтыншы спорт директоры. Бұған дейін біздің клубпен Александр Шефер, Джузеппе Мартинелли, Гвидо Бонтемпи и Дмитрий Седун сынды мамандар келісімшартқа отырып, жұмыс істеген болатын. «Бельгиялық маман 2003 және 2004 жылдары «Тур де Франс» және 2005 жылы «Джиро д'Италия» көпкүндіктерінде жеңіске жеткен американдық «Дискавери» командасында жұмыс жасады. Соңғы жылы Лапаж  «Рок Рейсинг» клубында жұмыс істеді», делінген сайттың хабарламасында.