«Осы қыста желдету мен энергияны үнемдеу арасында қиын таңдау жасау керек болады», - деді бельгиялық вирусолог Марк Ван Ранст жергілікті VRT Radio 1 радиостанциясына берген сұхбатында.
Еуропадағы энергия бағасының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін және коронавирус пандемиясы еңсерілмегенін ескере отырып, осы қыста еуропалықтар қиын таңдау жасауға мәжбүр болады.
Левен университетінің профессоры Марк Ван Ранст коронавирустың таралуын болдырмау шарасы ретінде «үй-жайды желдету маңызды» екенін атап өтті.
Энергия құнының шарықтауы мәдениет залдары мен желдетуді қажет ететін басқа да қоғамдық ғимараттар үшін де қиындық туғызады.
Жергілікті инженер Лин Питерс желдету жүйелерін пайдаланудың көбеюі сөзсіз энергияның қымбаттауына әкеледі деп санайды.
Вирусолог Марк Ван Рансттың айтуынша, адамдарға энергияны үнемдеу мен желдету арасындағы тепе-теңдікті табу қиынға соғады.