ұшқышқа түрмеге ұшуға, машинаны түрме ауласына қондырып, бортқа үш қашқынды алуға бұйрық берген. «Жолуашыларды» мінгізіп алғаннан кейін тікұшақ Брюггеден 20 шақырымдай жерге алыстап барып, жолдың бойына қонған. Сол жерде қылмыскерлер Mercedes көлігін ұрлап мініп, іздерін жасырған. Көліктегілер әзірге табылған жоқ, деп хабарлайды Associated Press.
Қашқандардың арасында - банк тонағаны үшін және 2003 жылы түрмеден қашқаны үшін жазасын өтеп жатқан 26 жастағы Ашраф Секакки бар. Оны Бельгиядағы ең қауіпті қылмыскер деп атайды.
Тұтқынның бельгиялық түрмеден тікұшақпен қашу оқиғасы бұл бір емес. 2007 жылы да осындай оқиға орын алып, бірақ қылмыскер қашқан күннің ертесіне қайта тұтылған болатын. Нордин Беналлаль деген қылмыскерді полицейлер Голландияда ұстап еді.