Дәстүрге айналған бұл шараны Бельгияда «Алғыс» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отырады. Басқосуға 250 бала ата-аналарымен, қазақстандық елшіліктің дипломаттары, сондай-ақ бала асырап алуға қазақстандық димломатиялық ведомствоның консулдық қызметіне өз құжаттарын тапсырған бельгиялық үміткер ата-аналар шақырылды. Шараны ұйымдастырушылар ойын алаңдарын орнатты, мерекелік дастархан жайды, балаларға сыйлықтар жасады.
Анықтама: Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің бастамашылығымен 2006 жылдың маусым айында алғаш рет осындай кездесу ұйымдастырылған болатын. Бүгінде Бельгияда Қазақстаннан асырап алынған 250 бала тіршілік кешіп жатыр.