Бельгияның Шарлеруа қаласында жарылыс қаупінен метроның барлық стансалары жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз қаскүнем телефон арқылы жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлағаннан кейін полиция Бельгия астанасының оңтүстігінен 50 шақырым жердегі Шарлеруа қаласы метросының барлық стансасынан адамдарды көшірді. Бұл туралы ТАССBelga агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның мәліметтері бойынша, магриб акцентімен сөйлеген телефон шалған адам ол автоматпен метроның төртінші желісінде жүргенін, Gilly стансасына (төртінші нөмірлі желі - ТАСС ескертпесі) бомба қойылғанын айтқан. Бұдан кейін құқық қорғаушылар әуелі желідегі қозғалысты тоқтатып, одан кейін басқа бағыттарды да жапты.

Метроның көптеген стансаларында полиция жасақтары кезекшілікке қойылды, іздеу нәтижелерінің мәліметтері хабарланған жоқ, деп нақтылады агенттік.