«Біз әлі 100 пайыз сенімді емеспіз, алайда өзін-өзі өлтіру мақсатында тұрмыс газының жарылуы мүмкін. Басқа ешқандай түсініктеме жоқ», - деп агенттікке сұхбат беруші оқиғаның лаңкестікке еш қатысы жоқ екенін атап өтті.
26 тамызға қараған түні Шиме (Эно провинциясы) қаласындағы спорт орталықтарының бірінде жарылыс болды. Сол сәтте ғимарат ішінде бес адам болған. Оның бірі қаза тауып, екеуі жараланды, тағы екеуі жеңіл жарақат алған.
Жарылыстың себебі ресми жарияланған жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі жұмыс істеуде.