Беларус аспанында МиГ-29 жоюшы ұшақтары соқтығысып қалды

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Кеше Беларус аспанында жоюшы ұшақтар соқтығысып қалды,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, кеше кешке 927-ші жоюшы авиациялық базаның екі МиГ-29 ұшағы аспанда соқтығысып қалды. Төтенше оқиға аса күрделі маневр орындау кезінде орын алған.

Жоспарлы ұшу жаттығуы кезінде орын алған оқиғаның салдарынан ұшақтардың бірі зақым алып, жаттығуды жалғастыра алмаған. Ұшқыш ұшақты елдімекен жоқ 210-шы авиациялық полигонның аумағына жеткізіп барып, өзі катапульта жасаған.

Екінші машина аэродромға қондырылған. «Ұшқыштың кәсіби іс-қимылының арқасында екінші ұшақ базалық әуежайға аман-есен қондырылған», - деп хабарлады әскери ведомстводан.

Сондай-ақ ұшқыштардың аман-есен екені хабарланып отыр. Қазір оқиғаның себебін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тексеруде.