Беларус астанасында жас математиктер сайысқа түсуде
деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі. Ең жас та тәуекелшіл білімпаз жастардың сайысы желтоқсанның 7-9-ы күндері Минскінің Ахремчик атындағы өнер гимназия-колледжінің базасында өтеді. Бұл туралы Беларус білім министрлігі жалпы орта білім басқармасының бастығы Юрий Гладков айтты.
Турнир математикалық шайқас түрінде өтеді - командалар кезектесіп, ұсынылған тапсырмалар бойынша өз зерттеулері жайлы баяндама жасайды, сондай-ақ оппонент рөлінде ойнайды.
Турнир барысында командаларымен Минскіге келген педагогтер өздерінің әріптестерімен бірге жас дарындармен жұмыстың әртүрлі бағыттары туралы пікір алысады.
Командалар тапсырмаларды қарап, ұрыстарға әзірленуде. Бүгін кешке олар Беларус астанасы бойынша қызықты саяхатқа шығады.
Қазылар алқасының құрамында Беларус, Ресей, Қазақстан елдерінің ғалымдары бар.
Бұл шараны Беларус білім министрлігі, Минск қалалық атқару комиетінің білім комитеті және Беларус мемлекеттік университеті ұйымдастырды.