Беларусь аумағынан мұнай тасымалдау құны қымбаттады

Фото: None
МИНСК. БелТА-ҚазАқпарат – Беларусьтың Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі ел аумағынан мұнай тасымалдау тарифтерін 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3,7% көтеру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Беларусьтың Ұлттық құқықтық интернет порталында ресми жарияланған.

«Ресей мұнайының құрамында органикалықхлоридтер концентрациясы артқандықтан, оны Польша, Германия, Чехия жәнеВенгрияның мұнай өңдеу зауыттары қабылдаудан бас тартуына байланысты, 2019жылдың ІІ тоқсанында мұнай тасымалдау көлемі қысқарды. Сондықтан «ГомельтранснефтьДружба» ААҚ-ның 2019 жылы алуы тиіс табыстары қысқарды. Бұл ААҚ-ның көлікжүйесінің сенімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етугебағытталған инвестициялық бағдарлама аясындағы қажетті шаралардың орындалмауынаәкеп соқтыруы мүмкін», - делінген мәлімдемеде.

Соның орнын толтыру мақсатында министрлік елаумағынан мұнай тасымалдаудың тарифін арттырып отыр.

Оның алдында, Беларусь пен Ресей тамыз айыныңбасында мұнайды Беларусь аумағы арқылы тасымалдау құнын 1 қыркүйектен бастап 3,7%арттыруға келіскен.

Соңғы жаңалықтар