Беларус БЭК құру жөніндегі он сегіз келісім пакетін бекітті

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Беларус Республикасы Қазақстан, Ресей және Беларус Кеден одағы шеңберінде БЭК құру жөніндегі он сегіз келісім пакетін бекітті.

Беларус парламентінің вице-премьері Андрей Кобяков атап өткендей, келісім Беларустің ұлттық мүддесіне сай келеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

А.Кобяков сондай-ақ Беларус пен Ресей арасындағы уағдаластыққа байланысты жаңа жылға дейін БЭК құру жөніндегі келісімді бекіту беларус-ресейлік екі жақты келісімінің күшіне енуіне мүмкіндік беретінін хабарлады, яғни 2011 жылдан бастап Беларус көлемі шектеусіз, баж салығынсыз мұнай сатып ала алады.