Беларусь ЕАЭО-дан тыс аумаққа ірі қара терісін шығаруға уақытша тыйым салды
09:50, 05 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Министрлер кеңесінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №326 қаулысымен 2017 жылғы 10 мамыр - 10 қараша аралығында Беларустен Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерге ірі қара малдың өңделмеген терісін шығаруға уақытша тыйым енгізілді, деп хабарлады БЕЛТА.
Құжатта «2017 жылғы 10 мамыр - 10 қараша аралығында Беларустен ЕАЭО кеден аумағынан тыс жерлерге ірі қара малдың өңделмеген терісін шығаруға уақытша тыйым салынады» делінген.
Құжат «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» №124 жарлық және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негізінде қабылданды.