Беларусь экономикасына 1,5 млрд доллар қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь президенті Александр Лукашенко 1,5 миллиард доллар инвестиция тартуды талап етті, деп жазады РИА Новости.

«Биыл экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін кемі 1,5 миллиард АҚШ доллары тікелей шетел инвестициясы қажет», - деді ол ел парламенті мен халыққа өз жолдауында.

Лукашенко Қытайды ірі әлемдік инвестор деп атады. Беларусь президенті елде жұмыс істеп тұрған бұған дейін ҚХР ашқан 8 миллиард долларлық кредиттік желі бар екенін, сол алынған несиелік желіге жоба жеткілікті жасалмағанын айтып өтті.
«Ең таңқаларлығы, бізде қалыпты инвестиция жобасы қалыптаспаған», - деді ол.