Бұл ретте ықтимал жаңа иеленушілер арасында тек ресейлік сатып алушылардан басқалар да болуы мүмкін, деп нақтылады ол. Бұл туралы РБК хабарлайды.
«Түрлі келіссөздер өтіп жатыр. Түрлі ойлар бар, тек ресейлік емес, әр түрлі сатып алушылар болатыны сөзсіз. Алайда бұл мәселе бойынша күрделі пысықтау болмай жатыр. Дегенмен бұл уақыт еншісінде деп ойлаймын», - деп атап өтті белорус вице-премьері.
В.Семашко белорус мұнай құбырлары жаңа емес екендігін атап өтті. Бұдан басқа, «БТС, БТС-2 бар» екенін ескеру қажет. Атап айтқанда, бірінші премьер-министрдің айтуынша, қуаттылығы жылына 37 млн. тонна болған "Новополоцкая "Дружба" мұнай құбыры 2008 жылдан бастап іс жүзінде жұмыс істемейді. Ол «Нафтан» ААҚ-ға мұнай жіберу үшін ғана қолданылып отыр.
Беларусь билігі мұнай тасымалы кәсіпорындарын жекешелендіруге дайындап жатқанына бірнеше жыл болды, бірақ стратегиялық активтің шамаланған бағасы да әзірше айтылған жоқ.