Беларусь елінде тамыздан бастап, 3 жасқа дейінгі балалар күтімі бойынша жәрдемақы көлемі артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінде тамыздан бастап 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы көлемі артады. Бұл туралы БЕЛТА Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

 Ай сайынғы жәрдемақы мөлшері отбасыдағы балалар санына қарай белгіленеді. Тұңғыш балаға қызметкердің орта айлық еңбекақысының 35  пайызы, екінші және одан кейінгі балаға - жалақысының 40 пайызы есептеледі. Мүгедек балаға жәрдемақы балалардың туу  кезектілігінен тыс орта айлық еңбекақысының 45 пайызы көлемінде тағайындалып, төленеді.