Бұл туралы бейсенбі күні өткен брифинг барысында Беларус Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Андрей Савиных мәлім етті.
2011 жылдың 21-23 ақпан күндеріне жоспарланып отырған сапар барысында кубалық делегация басшысын Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдайды деп күтілуде. Беларусь Ұлттық жиналыс өкілдері палатасының төрағасы Владимир Андрейченкомен болатын кездесу барысында тараптар Беларусь-Куба парламентаралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылайтын болады.
Сыртқы істер министрлігінде екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары өзара мүддеге ие саяси және сауда-экономикалық өзара іс-қимыл жасау мәселелерінің барлық түрлері бойынша бірлескен кеңестер өткізеді.
Куба Беларусьтің Латын Америкадағы маңызды сауда әріптесі болып табылатындығын айта кеткен жөн.