Беларусь ЕурАзЭҚ дағдарысқа қарсы қорынан 1,7 млрд доллар сұрайды

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - "Беларусь Еуразия экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) дағдарысқа қарсы қорынан 1,7 млрд. долларға дейін қаржы бөлуді сұрайды

және таяу уақытта облигациялар орналастыруды жоспарлап отырған жоқ", - деді республика қаржы министрі Андрей Харковец. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлайды.

«Қаржы несиесін алуға өтініш берілді, біздің квотамыз 1,7 млрд. доллар шегінде», - деді ол журналистерге.

"Министрдің сөзіне қарағанда, Беларусь нарықтық жағдай қолайсыз саналып отырғанына қарамастан, таяу уақытта еурооблигацияларды немесе Ресей нарығына рубль бондтарын орнатпақ емес", -деп хабарлайды Reuters.