АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Беларусь Еуроодақпен шекарада қазақстандық астық үшін логистикалық орталық салуға дайын. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлесіп өткізілген баспасөз мәслихатында айтты.
«Беларусь Бірыңғай экономикалық кеңістіктің іске қосылуымен әлеуеті айтарлықтай өсе түсетін көлік және логистика салаларында Қазақстанмен өзара қарым-қатынасты дамытуға зор мән береді. Бірлескен жоспарда еуропалық және азиялық тұтынушыларға беларусьтық және қазақстандық тауарлар үшін логистикалық орталық құру бар. Біз өзіміз-ақ Еуродақпен шекарада сіздердің тауарларыңызға, әсіресе, Еуропалық одаққа сату үшін астық және осы астықтан өндірілген тауарларға арналған логистикалық орталық салуға дайынбыз», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.