«Облыс орталықтары мен Минск қаласында рұқсат етілмеген бұқаралық шаралар өтіп жатқанына қарамастан, милиция жағдайды бақылауға алған», - деді ІІМ ресми өкілі Ольга Чемоданова.
Оның айтуынша, қазір біраз адам ұсталған.
«Толық ақпарат әзірге қолымызда жоқ. Милиция барлық қалалар, бүкіл ел аумағындағы жағдайды бақылауға алған», - деді О.Чемоданова.
Министрлік толық ақпаратты кейінірек хабарлайтынын мәлім етті.